Мектебіміздегі «Музейтану» үйірме жетекшісі Ғайни Рахметованың ұйымдастыруымен  Атбасар қаласындағы І.Есенберлин музейінің қолдауымен, көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің немересі Мәди Есенберлинмен кездесу өтті. Кездесу барысында қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен орын алатын дара тұлғаның өмірі, шығармашылығы жайлы Мәди Есенберлин әңгіме өрбітті, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп,   Қатысушылар кездесу қонағына сұрақтар жазушының бүгінгі күні экранизацияланған шығармаларына қатысты да пікірлерімен бөлісті. Сұхбатты ұйымдастырып, тікелей эфирге  шақырғаны үшін Атбасар қаласындағы І.Есенберлин музейінің ұжымына алғыс білдіреміз.