Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар, себебі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасады, ал тағам – бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі. Мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тамақтану оқушының үлгерімі мен жұмыс қабілеттілігінің артуына септігін тигізері сөзсіз. Биылғы оқу жылында 3-сыныптар да мектептен ыстық тамақпен қамтылуда. Оқушылар тамақтану тәртібі мен тазалық гигиенаны үнемі сақтайды.












