9"Ә" сыныбында "Темекінің адам ағзасына зияны" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Л. П. Абдраманова оқушыларға бүгінгі таңда адам денсаулығына қауіп төндіретін электронды темекінің зияны және оның адам ағзасына тигізетін кері әсері жайлы айтып өтті." Вейп -денсаулыққа қауіпті" атты бейне фильм көрсетіліп, оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болуға және электронды темекінің зияны жөнінде ақпараттар берілді.Сынып сағатында оқушыларға өзінің болашағы туралы ойлануы және денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану керектігі айтылды.