Тәрбие құндылықтарының "Рухани -танымдық" бағыты. Айлық жоспар. Тақырыбы:"Адамгершілік-адамның асыл қасиеті". Қоғам азаматтарының Отанына, отбасына, өзіне,өзгеге саналы қарым-қатынасын қалыптастыруда рухани-адамдершілік тәрбиенің танымына, болмысына әсері зор.Ертеңгі күннің саналы азаматын қалыптастыруда бүгінгі күн мұғалімдерінің еңбегі маңызды. Адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру мақсатындағы "Адамгершілік -адамның асыл қасеиті" айлығы аясында өткен "Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік құндылықтары" атты өнеге сағаты. Тұлғаның рухани және адамгершілік, еңбекке құштарлық құндылықтарының қалыптасуына ықпал ету мақсатында 5 Е сыныбында ұйымдастырылған  "Еңбек -елдің мұраты" атты өнеге сағаты

 11 Ғ сыныбының ұйымдастырумен "Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті" атты виртаулды саяхат сағаты өтті. Мақсаты- туған өлкенің тарихы мен мәдениетін терең ұғындыру.

5ә сыныбында  Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін  түсіндіру мақсатында "Адал болу деген не?" тақырыбындағы ой бөлісу сағаты барысында ары таза адал адам мінді өмір сүретіндігі, оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімді арттыра түсетіндігі, адалдықтың адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрініс табатындығы жайлы оқушылар өз ойларын ортаға салды.

 5 Ә  сыныбы

6 Ә сыныбы

6Ж сыныбы

6З сыныбы

8 Ғ сыныбы

9Д сыныбы

10Ғ сыныбы

11Ғ сыныбы