1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге Дүниежүзілік балалар күнін атап өтуге кеңес берді.

Бүкіл әлемде Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі.

20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балаларға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету» мақсатымен Бала құқықтары туралы Декларация қабылдады.

Мереке барлық азаматтарды тиісті заңнамалық және басқа шараларды жүзеге асыра отырып, балалардың құқықтарын сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады.

Республикалық онкүндік:

- Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуге;

- Балалар жылына арналады.

Өткізу мерзімі: 2022 жылғы 10 қарашадан 20 қарашаға дейін

Республикалық онкүндікке қатысушылар: білім беру ұйымдарының оқушылары, жетім және ААҚҚ балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қоғамының, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері және т. б.

Республикалық онкүндіктің мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру.