Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі туралы жалпыұлттық бірыңғай сабақ, 9 "Ғ" сыныбымен жетекшісі Андагулова Зауре Тасымбековна өткізді. Сабақ барысында оқушыларға, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мемлекетіміздің даму тарихы, жеткен жетістіктері туралы отандық телеарналар әзірлеген бейнематериалдар ұсынылды. Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең үлкен құндылығы, басты мұраты.Тәуелсіздікке жеткен елдің ең басты сенімі – ертеңі. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында.