Услуги
«Бояулар құпиясы» облыстық жас суретшілер байқауының қорытындысы.
Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 13 қыркүйекте «Бояулар құпиясы» облыстық жас суретшілер байқауының іріктеу кезеңі өтті. Байқау Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналады.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасау.
Байқауға Абай, Бұқар жырау, Шет аудандарынан және Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев, Шахтинск қалаларынан, 45-ке жуық сұраныс қабылданды.
Облыстық көрме-байқаулары 6 номинация бойынша өткізіліп, қазылар алқасы әр номинация бойынша үздік жұмыстарды іріктеді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық жас суретшілер байқауында "КөркемART" үйірме жетекшісі К.К. Жагипарованың жетекшілігімен 8 Е сынып оқушысы Дайрабай Айша иеленді
https://mektep13-zhez.testim.kz/en/uslugi-4.html#sigFreeIdca2013934c

















