ХАБАРЛАНДЫРУ
Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің
"№13 жалпы білім беретін мектебі"КММ келесі лауазымдар бойынша бос орындарға КОНКУРС жариялайды (1 ставка -16 сағат):
- Оқыту қазақ және орыс тіліндегі математика мұғалімі - 16 сағат ( 6 сағат –қазақ тілді, 10 сағат – орыс тілді)
- Оқыту қазақ тіліндегі география пәнінің мұғалімі - 18 сағат
- Оқыту қазақ және орыс тіліндегі химия пәнінің мұғалімі – 24 сағат
( 12 сағат - қазақ тілінде, 12 сағат – орыс тілінде)
- Оқыту қазақ тіліндегі көркем еңбек пәні мұғалімі (ұлдар) – 16 сағат
- Оқыту қазақ тіліндегі ағылшын тілі пәні мұғалімі – 32 сағат
(2 педагог уақытша)
- Оқыту қазақ тіліндегі дене шынықтыру пәні мұғалімі – 16 сағат (уақытша)
- Оқыту орыс тіліндегі бастауыш сынып мұғалімі – 16 сағат (уақытша)
- Логопед - 1ставка
- Дефектолог - педагог - 1 ставка
- Кітапханашы -1 ставка
- Педагог – ассистент - 2 (уақытша)
ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ: Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. Электронды журналдарды толтырады. Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл. Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
- Логопед-дефектолог- 1 ставка
Лауазымдық міндеттері: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарында инклюзия қағидаларын дамытады.
Білім алушылардың психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларына диагностика жасайды, олардың құрылымы мен айқындылық дәрежесін анықтайды. Мұғалімдермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, бұзылған функцияларды түзету және қалпына келтіру және мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды әлеуметтендіру бойынша топтық және жеке қызметті жүзеге асырады. Балаларға көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша педагогтарға, білім алушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға кеңес береді.Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады. Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады. "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын іске асырады. Өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады. Әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Қажетті құжаттаманы жүргізеді.Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды. Білім беру процесі кезінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:"Арнайы педагогика" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-модератор үшін мамандығы бойынша кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. педагог-шебер үшін-6 жыл.
Бос лауазымдардың мерзімі: белгіленбеген уақытқа.
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және төмендегі көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
КОНКУРСҚА ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
1) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
ҚҰЖАТТАР КОНКУРС ЖАРИЯЛАНҒАН СОҢҒЫ КҮННЕН КЕЙІНГІ КҮННЕН БАСТАП 7 ЖҰМЫС КҮНІ АРАЛЫҒЫНДА КЕЛЕСІ МЕКЕН-ЖАЙ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАДА НЕМЕСЕ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Ұлытау обл., Жезқазған қ., 100600, Гоголь көшесі, 9 үй.
Тел: 8(7102)760878
Эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


















