"Жеке бас қаржыландыру"  тақырыбында қамқоршылық кеңесі отырысы өтті. Алғашқы бөлімде мектеп басшысы тарапынан 2019-2020 оқу жылындағы мектеп жұмысының оқу мен оқыту нәтижесі,білім сапасы, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту жұмыстары нәтижесі, МТБ игерілуі, "Мектепке жол" акциясының ұйымдастырылуы туралы ашық ақпарат ұсынылды. Екінші бөлімде Жеке бас қаржыландыру туралы ақпарат беріліп, 2020 жылдың қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларындағы жоспар, 2021 жылға бюджеттің жоспарлану мәселелері қарастырылды. Қамқоршылық кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы маслихат дептутаты, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Қарағанды облысы бойынша ақпараттық насихат штаб жетекшісі Б.Қ.Алтынбеков,  қамқоршылық кеңесінің төрайымы Р. Хаджимурат өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар айтты.