Қақтығыс пен қысымнның айырмашылығы, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

Бүгінде балалар мен жасөспірімдер, тіпті ересек адамдар арасында буллинг яғни кемсіту, шеттету, қорлау жағдайлары аз кездеспейді. Өкінішке қарай, бұл мәселеге қоғамның көзқарасы біржақты болып келеді. Ата-аналар мен ұстаздардың көпшілігі буллингті қалыпты ахуал санап, оқушының психологиялық, физикалық саулығына мән бермей жатады. Оның соңы қылмысқа, суицидке апарып соғуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап проблема жөнінде дұрыс ақпарат берудің маңызы зор.

Zoom платформасында өткен іс-шараға әлеуметтік педагог Г.К.Кумбаева және 3-8 сынып ата-аналар комитеті қатысты

Галия Каскыровна буллинг ұғымы, түрлері мен оның зардаптарын қатысушыларға жан-жақты түсіндіріп өтті.

Адам өзін ғана емес, өзгелерге күш көсету жағдайларын байқағанда бейтарап қалуға болмайды. Естеріңізде болсын, ешкімнің сені қорлауға құқы жоқ. Буллинг достарыңның, отбасыңның, бөтен жандардың тарапынан жасалуы мүмкін. Бұл дұрыс емес және бұлай болуға тиіс емес, – дейді Г.К.Кумбаева.

Баланың үйден алған тәрбиесін мектеп шыңдайды

Әлеуметтік педагог ағарту бағытында «Балалар қауіпсіздігі» бойынша түрлі тренингтер ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, оқушылар мектепте көшбасшылық қабілетке ие болғысы келеді. Бір өкініштісі балалардың дені басқарушылық қасиетті біліммен емес, білекпен көрсету деп ұғынады. Сол себепті бүгінгідей тағылымдық мәні бар басқосуларды жиі өткізу қажет.

Шараны қорытындылай келе мектебімізде қауіпсіз мектеп мүшелері құрылғанын, арнайы мамандар бірлесе жұмыс істеуге, әріптестікті дамытуға уағдаласты. Сонымен қатар ата-аналарға буллинг анықталған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігі бойынша жаднама таратылды / ата-ана әрекеті, оқушы әрекеті, қысым көрсетуші ата-ананың іс-әрекеті/

Сонымен қатар ата-аналар 2009ж 4 желтоқсанында бекітілген ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» заңнамасымен және зорлық-зомбылықтың түрлерімен әлеуметтік педагог Г.К.Кумбаева танысытырып өтті.

Мақсаты: балаларға қатыгездікпен қарау мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және оның алдын алуда ата-ананың міндетін түсіндіру. Бала психологиясына көңіл бөлу, суидциттің алдын алуға және құқықтық ақпараттандыру арқылы отбасына қөмек көрсету.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.

Қаламызда зорлық-зомбылыққа қатысты дағдарыс орталығы бар екенін атап өтті.

Отбасылардың берекесі қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық. «Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алатындығын атап айтты.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Буллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық – адам психологиясын бұзып, күйзеліске, жан дағдарысына әкелетін әрекет. Бұл проблеманың алдын алу үшін қоғамның барлық мүшесі үнсіз қалмауы қажет. Осыны ұғынып, аталған мәселенің бар екенін қоғамға сіңірген кезде ғана балалардың болашағы кемел болмақ. Мектеп оқушыларын ізгілікке бастайтын шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.