Мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастық тетіктері мен отбасылық дәстүрлі мәдени құндылықтарды жандандыруға, ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған «Отбасы – мектеп» жобасы шеңберінде 15-16 қыркүйек күндері 2-4, 6-11 сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті. Білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын, өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру, отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту мақсатында бірлесе жұмыс жасауға бағыт-бағдар берілді.