Мектебіміздегі «Сөз шебері» дебат үйірмесінің жетекшісі Лаззат Абдраманованың ұйымдастыруымен "Сарыарқа саңлағы" облыстық жастар жобасы аясында облыстық пікір- сайыс турнирінің мектепшілік кезеңі өткізілді. Турнирге үйірме қатысушыларынан құрылған "Жалын" , " Мұрагер" топтары қатысты. Ұлы тұлғалардың өнегелі ісін жалғастырып, ұлт болашағы үшін еңбек ету жолындағы бағдарламалар сөз болды. Ыбырай Алтынсарин мен Жамбыл Жабаевтың шығармаларының рухани дамудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асты деп есептей отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік деген ойларын өз кейстері арқылы дәлелдей білді. Турнир қорытындысы бойынша "Мұрагер" тобы қалалық кезеңге жолдама алды.
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/mektep-turaly/jirme-zh-ne-sektsiya-zh-mystary/360-s-z-sheberi-debat-jirmesi.html#sigFreeIdb7379755aa












