Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.
Мектеп Президенті Бақыт Жанатбек өзін-өзі басқару ұйымын Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің № 1-18-4/566-И 15.02.2021 жылғы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасымен таныстырды. Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. Парламенттің міндеттері:
- білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;
- ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;
- әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
- өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.
Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
Күтілетін нәтижелер:
- адал, мейірімді және белсенді тұлғалардың тәрбиелі жас ұрпағы;
- қоғамдық (балалар мен жастар) сананы трансформациялау мен жаңғыртуда оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен рөлін арттыру;
- білім алушыларды қызығушылықтары бойынша жобалық қызметке тарту;
- барлық деңгейлердегі бюджеттерден тұрақты және жүйелі қаржыландыру.
Мектеп Президенті Бақыт Жанатбек тұжырымдамаға сәйкес Мектеп Парламенті құрылымының жаңа құрамын сайлау 10-15 мамыр аралығында өтетіндігін хабарлады.












