Бала тәрбиесінің бастауы – адалдық. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» деп Шоқан Уәлиханов айтқандай, адал адам таза қоғамға айналады. Әрбір оқушының бойына адалдық дәмін себу -басты міндет. Осы орайда оқушылар бойында әділдік, адалдық қасиеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің арасында «Адал ұрпақ-парасатты азамат» атты дәріс сабағы өтті. Іс-шараға мектеп парламентінің «Құқық және тәртіп», «Патиотизм» фракциясының көшбасшылары қатысып, өз ой-пікірлерін білдіріп, клуб мүшелерімен оқушы санасына тазалығы, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты құнды қасиеттер жайлы әңгіме өрбітті.
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/mektep-turaly/k-shbasshy-zin-zi-bas-aru-jymy/386-adal-rpa-parasatty-azamat.html#sigFreeId60b9a71347












