5 "Ә", 5 "Д" сыныптарында сыныптағы мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік бағдар: мамандық таңдау» тақырыбында саяхат сағат өтті. Мақсаты- оқушыларға мамандық тандаудың маңызын түсіндіру, болашақта оқушының өз қызығушылығы мен қабілеті жететін дұрыс мамандықты таңдауға ықпал ету. Іс-шараға мектеп парламентінің «Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясының көшбасшысы Г.Мустафина қатысып, оқушыларға мамандық таңдау жайлы өз пікірін білдірді. Қатысушылар ата-аналарының мамандығын бір-біріне таныстыра отырып, өздерінің армандайтын мамандықтары туралы өз ойларын ортаға салды.