Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы. Мектебімізде мектеп парламентінің фракция өкілдері, тьюторлық қызметтің басшылары, сыныптағы комитет өкілдерінің қатысуымен кезекті жиналыс өтті. Мектеп президенті Бақыт Жанатбек фракция көшбасшыларының міндеттеріне тоқтала отырып, парламент қызметінің жоспарына сәйкес фракция өкілдері мен сыныптағы комитет депутаттарына тапсырма берді.