Көшбасшылық -бір мақсатқа жетелейтін қасиет. Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу мақсатындағы мектеп Парламентінің жұмысын қорытындылау үшін ашық алаң ұйымдастырылды. Ашық алаң барысында мектеп Парламентінің көшбасшылары өздерінің іс-тәжірибелерімен, жұмысты ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Алдағы оқу жылындағы мектеп Парламентінің жұмысын жоспарлауға арналған аманат хатты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Кулмаганбетоваға табыстады. 2021-2022 оқу жылына көшбасшылыққа үміткерлер мектеп Парламенті жұмысын бағалап , үлкен өмірдегі қадамдарына сәттілік тіледі. Мектеп директоры У.Жасынбекова мектептің рухани игілігіне үлес қосып, абыройын биікке асқақтатып, мектеп Парламентінің көшбасшылығын дамыту жолында жұмыс жасаған көшбасшыларға, жетекшісі Н.Еркимбаеваға Алғыс хат және естелік сыйлыққа болашақ қадамдарынан жазба түсіруге арналған күнделік табыстады.
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/mektep-turaly/k-shbasshy-zin-zi-bas-aru-jymy/391-mektep-parlamenti.html#sigFreeId368fb231c2












