Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.
Парламент – оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі. Парламентте оқушылар мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады. Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны. Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Кулмаганбетова мектеп білім алушыларына Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органдарын дамыту Тұжырымдамасымен, мектеп Президентін сайлау ережесімен таныстырды.
#школьноесамоуправление#өзінөзібасқару#РУМЦДОМОНРК
#ҚОББтәрбие#ӨӨБ












