4 ақпан күні мектеп асханасында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, азық-түлік сапасын, асхана тазалығы, тағамдарды дайындау және тарату барысында санитарлық -гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында брокераждық комиссия тексеріс жүргізді. Бір реттік ыстық тамақ құны жалпы оқу қоры есебінен тамақтанатын оқушыларға 400 теңге, ал жергілікті бюджеттен тамақтан 1-4 сыныптарға 300 теңгені құрайды.

Тамақтану блогының санитарлық- техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асханада тазалық жұмыстары жүргізіледі. Сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Ас мәзірінде балғын көкөністер болады.

Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады.Әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады.