2022 жылдың 31 наурызында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруын бақылау мақсатында брокераждық комиссия: мектеп директорының м.а. С.А.Кулмаганбетова, директордың ОТІЖО А.М.Ешмағанбетова, қамқоршылық кеңес төрайымы Р.А.Хаджимурат, кәсіподақ комитетінің төрайымы К.Т.Исина, 5 сынып жетекшісі Н.А.Еркимбаева, медбибі Т.Ш.Оксикбаева, әлеуметтік педагог Г.К.Кумбаеваның қатысуымен кезекті тексеріс жүргізілді.

Тексеріс барысында күнделікті ас мәзірі мен дайын өнімнің шығуы (тәулік норма, көкөністердің, жемістердің болуы, дайын өнімнің сапасы), тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапа талаптарының сақталуы, өнім ассортименті, мектеп оқушыларын тамақтандыруға арналған рұқсат етілген және рұқсат етілмеген тағамдар тізбесінің сақталуы, сумен қамтамасыз ету режимі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы бойынша мәселелер қаралды.

Санитарлық нормаларды жүйелі, қатаң сақтау және асхана жабдықтарын ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.