17 қараша күні білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруын бақылау мақстанда бракераждық комиссия кезекті тексеріс жүргізді.
Тексеріс барысында күнделікті ас мәзірі мен дайын өнімнің шығуын (тәулік нормасын, көкөністердің, жемістердің болуы, дайын өнімнің сапасы) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапа талаптарының сақталуы, өнім ассортименті, мектеп оқушыларын тамақтануға арналған рұқсат етілген және рұқсат етілмеген тағамдар тізбесінің сақталуы, санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың орындалуы бойынша мәселелер қаралды.
Санитарлық нормаларды жүйелі, қатаң сақтау және асхана жабдықтарын ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.












