2023 жылдың 14 қыркүйегінде мектеп асханасында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, азық-түлік сапасын, асхана тазалығы, тағамдарды дайындау және тарату барысында санитарлық - гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында бракераждық комиссия тексеріс жүргізді.

Тамақтану блогының санитарлық - техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асханада тазалық жұмыстары жүргізіледі. Сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдардың сақталуы санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Асхана екі апталық ас мәзірімен жұмыс жасайды. Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады .Әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералары бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады.

Тағамдардың тәуліктік нормасы алынып 48 сағатқа сақталады. Асхана қызметкерлеріне ыдыстың жарықшақтары мен шеті ұшқандары болса дер кезінде алып тастаулары жайлы қатаң ескертілді.