2023 жылдың 10 қазан күні “№13ЖББМ”КММ бракераждық комиссия мүшелері асхана тамағының сапасына мониторинг жүргізді. Мектеп асханасының жағдайы, ас блогы тексерілді. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамағы ас мәзіріне сай болуы, қоймада тамақтың сақталуы, ыдыс блогы тексерілді.
Бракераждық комиссияның тексеру барысында оқушылардың жас ерекшелігіне байланыстық тамақ мөлшерінің арагідік сәйкессіздігі анықталды. Сонымен қатар ұшқан ыдыстарды дер кезінде ауыстыру керектігі ескертілді. Жеке кәсіпкер “Дастан” кейбір ыдыс аяқтарды , тақтайшаларды жаңалап ауыстырған. Жалпы ас блогының тазалық және ас дайындау сапасы қанағаттанарлық деңгейде екені анықталды.
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/mektep-turaly/mektep-asxanasi/706-10-azan-2023zh-brakerazhdy-komissiya-orytyndysy.html#sigFreeIdbec319149d












