2024жылдың 11 қыркүйегінде мектеп асханасында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, азық-түлік сапасын, асхана тазалығы, тағамдарды дайындау және тарату барысында санитарлық - гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында бракераждық комиссия тексеріс жүргізді.
Тексеру барысында бастауыш сынып оқушылары мен азқамтылған, ата-ананың қарауынсыз қалып, қамқорлыққа алынған, өзге санаттағы отбасы балаларының бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтылуын бақылады. Ас мәзірінің перспективалық мәзірмен сәйкестілігін тексеріп, сатылатын тамақ өнімдеріне аса назар аударылды.
Сонымен қатар, бракеражды топ мүшелері асхананың жұмыс кестесін, қызметкерлердің медициналық кітапшаларын, температура өлшеу журналын, асхананың санитарлық жағдайын, тамақ өнімдерінің сапасын, оларды сақтауы, өнімнің мерзімдері, тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауын, ас блогындағы ас мәзірінің дұрыс әзірленуін, сақталуын, ас әзірлейтін азық-түлік пен дайындалған астың сапасын, аспазшылардың денсаулығын, тазалығын тексеріп, қорытындысын тамақтану сапасына жүргізілетін мониторингілеу актісіне жазды.
Жалпы асханада санитарлық талаптар сақталған таза, қызметкерлерлердің сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай. Тәуліктік сынамалары дұрыс сақталған, Сынамада тамақ атауы, күні, уақыты көрсетілген. Асхана мен ас блогындағы бейне бақылау камералары жұмыс жасап тұр. Асхана жаңа талаптарға сай жиһазбен қамтылды. Асхана жұмысы “қанағаттанарлық” деп бағаланды.












