2024 жылдың 18 қараша мектеп асханасында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша бракераждқ комиссия тексеріс жүргізді.

Тексеру мақсыаты: Асхананың санитарлық жағдайы. Азық - түлік сапасын тексеру, тамақты дайындау технологиясын, асхананың тоңазытқыш - технологиялық жабдықтарын тексеру, дайын тамақтар мен азық - түліктің сақталу талаптарының орындалуын тексеру.
Тексеру барысында ас мәзірі бойынша ескертпе болды, журналдарды толтыруда қателіктер табылды. Тамақтану блогының санитарлық - техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асханада тазалық жұмыстары жүргізіледі. Медициналық кітапша және жұмысқа жарамдылық рұқсаты асхананың барлық қызметкерлерінде бар. Асхананың санитарлық жағдайы жақсы, ылғалды жинау жұмыстары дер кезінде жүргізіледі, терезенің алды, үстелдер, стеллаждар, ыдыстар өз орнында таза, еден жуылған, асхана іші таза, тазалығы үнемі қадағалануда.Сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдардың сақталуы санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Асхана екі апталық ас мәзірімен жұмыс жасайды . Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады . Әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералары бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады.

Тағамдардың тәуліктік нормасы алынып 48 сағатқа сақталады. Асхана қызметкерлеріне ыдыстың жарықшақтары мен шеті ұшқандары болса дер кезінде алып тастаулары жайлы қатаң ескертілді.