2024 жылдың 19 желтоқсанында мектеп асханасында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, азық-түлік сапасы, асхана тазалығы, тағамдарды дайындау және тарату барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында бракераждық комиссия тексеріс жүргізді.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асханада тазалық жұмыстары жүргізіледі. Сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдардың сақталуы санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Асхана екі апталық ас мәзірімен жұмыс жасайды. Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералары бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады.
Тағамдардың тәуліктік нормасы алынып, 48 сағатқа сақталады. Асхана қызметкерлеріне ыдыстың жарықшақтары мен шеті ұшқандары болса, дер кезінде алып тастап отыру керектігі жөнінде ескертілді.
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/mektep-turaly/mektep-asxanasi/803-2024-zhyl-y-brakerazhdy-komissiya-tekserisini-orytyndysy.html#sigFreeId544f8dbe4d












