7 "Ж" сынып оқушыларына, жетекшісі Зауре Тасымбековна, "Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі!" атты сынып сағаты өткізілді. Оқушыларға ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті барлық тағамдық заттарды мөлшермен қабылдау адамның денсаулығының кепілі екені түсіндірілді. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болуы керек. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсерлеріне қарсылығын күшейтуге ықпал ететіні айтылды. Ағзаға қажетті витаминдер, минералдар, ақуыздар, майлар мен көмірсуларды дұрыс мөлшерде тұтыну, сондай-ақ тағамдарды табиғи, таза күйінде пайдалану организмнің қалыпты дамуы мен күш-жігерін сақтауға көмектесетіні таныстырылды.