2025 жылдың 20 қаңтар күні “№13 ЖББМ” КММ бракераждық комиссия мүшелері асхана тамағының сапасына мониторинг жүргізді. Мектеп асханасының жағдайы, ас блогы тексерілді. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамағы ас мәзіріне сай болуы, қоймада тамақтың сақталуы, ыдыс блогы тексерілді.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарға сәйкес келеді. Күн сайын асханада тазалық жұмыстары жүргізіледі. Сенбі күндері санитарлық күн ұйымдастырылады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Мектеп асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады.

Тағамдардың тәуліктік нормасы алынып, 48 сағатқа сақталады. Асхана қызметкерлеріне ыдыстың ұшқандары болса, дер кезінде алып тастауларын қатаң ескертті.