Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар басшылыққа алынсын:
- Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
- Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
- Ер балалардың мектеп формасы:
Қызыл-қоңыр түсті жилет, қара түсті шалбар (еркін тігілген, ұзындығы тобықты жауып тұратын), ақ жейде, 9-11 сыныптарда қара-көк, көк түсті пиджак.
- Қыз балалардың мектеп формасы:
Қызыл-қоңыр түсті жилет, қызыл-қоңыр, ақ, көк тор көзді юбка, ақ кофта, 10-11 сыныптарда қызыл-қоңыр түсті сарафан, юбка, жилет.
- Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.













