Кітап  қоры

 

Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор.Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту,  кітап қорын пайдалану,  оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші мәдени орын болып табылады. Мектеп кітапханасының негізгі жұмысының бірі- кітап қорымен жұмыс жүргізу. Мектеп кітапханасы жыл сайын жаңа оқулықтарымен,оқу әдістемелерімен және көркем әдебиеттермен толықтырылып отырылады.

          Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығы бойынша 11 сынып оқулықтары жаңа бағдар бойынша келіп түсті. Сонымен  қатар, жетіспеген оқулықтар толықтырылып, көркем әдеби кітаптар алынды.