Кітапхана  қоры  білім  беру,  бағдарламалық  көркем  әдебиет,  сала бойынша, балаларға  арналған  анықтамалық   әдебиеттермен  жинақталып, топтарға  бөлінеді:

- кіші мектеп жасындағы  (1 - 4 сынып),
- орта мектеп жасында (5-8 сыныптар);
- жоғары сынып оқушыларына арналған (9-11 сыныптар);
- мерзімді басылымдар қоры, көркем әдебиет қоры, оқу тәрбие үрдісінің қазіргі заманғы талаптарға сай оқулықтардың тізімі.

Жыл бойы кітапхана қоры мемлекеттік бюджет есебінен  оқулықтармен, әдебиеттермен толықтырылып отырады.  Әдістемелік құралдарды нөмірлеп, жиынтық  журналына тіркеп отырамыз.   Жаңа түскен кітаптарды ілеспе құжаттар бойынша тексеріп, іріктеп, құжаттармен салыстырып, саны мен құнын есептеп жиынтық кітабына тіркеп отырылады.

  • Кітапхана қорын ұйымдастырудың кезеңдері
    Кітапхана қорын есепке алу
    2. Қорды кітапханалық өңдеу
    3. Кітапхана қорын орналастыру мен орнына қою
    4. Кітапхана қорын тексеру
  • Кітапхана қорын жасаудың сатылары
    Құжаттарды іріктеу
    2. Таңдап алынған құжаттарды алу үшін сұраныс беру
    3. Құжаттарды алу және оларды қорға енгізу
    - Оқулықтардың қоры туралы құжаттар.
    - Есепке тіркеу кітап.
    - Мүлік кітап
  • Оқулықтың қорын сақтауы туралы құжаттар:
    -  сыныптарға оқулықтар таратылған журналы,
    -  оқулықтардың есепке алу журналы,
  • есептен шығару туралы актілер кітабі
  • негізгі жұмыс орны – абонемент

Қор ББК-ға сәйкес орналасқан, техникалық өңделген. Жыл ішінде қордың орналасуының дұрыстығын тексеру жүргізіледі. Негізгі қорға кіру еркін, оқулықтарға - жабық. Қордың сақталу режимі бақыланып отырады.