«№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог-психологтарының  2020-2021 оқу жылындағы 1-ші сынып оқушыларынан алынған, Керна-Йрасик тесті бойынша диагностикалық қорытындысы

 

Мақсаты: оқушылардың мектепке икемделу деңгейін, икемделуінде қиындықтары бар балаларды анықтау, баланың мұғаліммен қарым-қатынасының, құрдастар тобындағы әлеуметтік жағдайының қолайлы болуына жағдай жасау.

Бала мектеп табалдырығын аттағалы оның өмірі түбегейлі өзгеруде жаңа міндеттері пайда болды, ойындарға жаңа қызмет түрі – оқу қосылды, ал араласу шеңбері сыныптастарының арқасында едәуір кеңейді. Бұл өзгерістерді кішкентай адам қалай қабылдады? Жаңа жағдайларға қаншалықты тез және жақсы бейімделіп жатыр? Жаңа білімдерін табыспен меңгеру, өз қабілеттерін дамыту және мұғаліммен, балалармен қарым-қатынас жасау қолынан келе ме? Бұл сауалдарға үстірт жауап қайтаруға болмайды. Сондықтан баланың жалпы мектеп ептіліктерімен қатар аса маңызды кейбір жеке сипаттарын талдаған дұрыс.

 

Міндеті: 

  1. Оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын, денсаулығын ескере отырып олардың өз мүмкіндігін анықтауына көмек көрсету.
  2. Даму, оқу, әлеуметтенудегі өзекті міндеттерді шешуде оқушыларға көмек жасау.
  3. Оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін (психологиялық мәдениетін) дамыту.

 

 

Психолог ұсынысы: мектепке бейімделуі төмен оқушыларға ерекше зейін аударып, оларда оқуға деген жағымды қатынас орнату, өзін-өзі бағалауы төмен оқушыларда өзіндік бағасын жоғарылату үшін қолдап, жағдай жасауға көмектесу, төмен ұпай жинаған оқушыларда танымдық мотивацияны дамыту, оқушылардың мектепке деген қатынасын оң арнаға түсіру, мектептік өмірге үйрету қажет, ол үшін бала мектепке білім алып тәрбиелену үшін келетінін үнемі айтып отыру қажет, оқушыларда кеңістіктік байланыстар орнату қабілетін, көрнекілік қабылдау дәлдігін дамытқан жөн.