Мектептік тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу бойынша жүргізілген іс-шаралар:

2020-2021 оқу жылында   01 қыркүйек айынан шалғайда тұратын Геология елді мекенінен «№13 ЖББМ» КММ оқушылар тасымалданады. Оқушыларды тасымалдау бойынша   жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар жүргізілуде.  Геология елді мекенінен оқушыларды тасымалдау бойынша жеке жоспар құрылды. Аталған елді мекеннен тасымалданатын оқушылар халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеліп, тасымалдану жөнінде анықтама алған. Бүгінгі күні мектебімізден 152 оқушы тасымалданады. І ауысымның І рейсінде -38, І ауысымның 2-ші рейсінде -35. І ауысымда барлығы -73. Ал,  ІІ ауысымның 1рейсінде – 36, ІІ ауысымның ІІ рейсінде -43. ІІ ауысымда барлығы – 79 оқушы тасымалданады.  

Оқу жылы басында автокөліктің техникалық жай-күйі тексерілді. Автокөліктер техникалық байқаудан өткен.  Балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктер техникалық байқаудан өткен, сақтандыру полис бар. (қосымша №1,2,3 кіріктірілген.) Жүргізушілер медициналық тексерістен өткен. Мектеп автобусының қозғалыс кестесі бар.

Мектепке кірме жолдарында аумақ жарықтандырылған, «Балалар» белгісі орнатылған , жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер бар, «жатқын полейцейлер» жасанды жол кедергілері орналасқан.     

Балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық, жарық түсіргіш шамшырақтар және дыбыс сигналдары бар.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобусының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізілген, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу:

Оқушылар арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 1-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Жол ережесін сақтайық!» атты жиын және  «Қоғамдық көлікте, жолда, көшедегі қауіпсіздік ережелері» сынып сағаттары өткізілді. Іс-шаралар барысында оқушыларға жолда жүруге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жол ережелерінің белгілері бойынша бағыт-бағдар берілді. 

1-4 сынып оқушылары  «Жол қозғалысы ережелері» фильмін  тамашалап, фильмнен көргендерін ортаға салып, әңгімеледі, қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Көлік құралдарының қозғалысы» қауіпсіздік сабағы,  «Жарқын бол!» тақырыбындағы сынып сағатында  оқушылар өздерінің жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетті. Мектеп инспекторы Абдимбеков Р.Е мектеп оқушыларымен жол тәртібі ережелерін сақтау жөнінде және мектеп автобусына, қала маршрутындағы автобустарға мініп түскенде, автобус ішінде отырғанда арақашықтықты сақтау,бетперде кию туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектеп инспекторы Р.Е.Абдимбеков және мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері Жекенов Н.Ж пен Ван А.В, Геология елді мекенінен тасымалданатын  оқушылармен түсіндірме жұмысын үнемі жүргізіп отырады.  Жалпы түсіндірме іс-шараларына мектеп оқушылары тегіс қатысты.

«Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік» атты дөңгелек үстел,  бастауыш сынып оқушыларымен «Абайлаңыз, балақай» әңгіме сағаты мен видеороликтер көрсетілімі ұйымдастырылып, іс-шара барысында оқушыларға маңызды мәліметтер берілді және  сұрақтарға жауаптар беру арқылы білімдері бақыланды.