Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кидербаева Г.Т мен әлеуметтік педагогы Кумбаева Ғ.Қ ,8-9 сынып оқушыларымен "Электронды темекінің зияны" тақырыбына әңгіме сағатын өткізді.

Мемлекет басшысы қол қойған "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 110-бабына сәйкес, 21 жасқа толған тұлғаларға ішінде сұйықтығы бар шегуге арналған Электронды құрылғыны, өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз сатуға тыйым салынғаны жөнінде таныстырылды.Оқушыларға электронды темекінің зияндылығы туралы шағын видеоролик көрсетіліп , жасөспірімдердің ағзасы на вейптің құрамындағы зиянды заттардың әсері туралы әңгіме жүргізілді.Мамандардың айтуынша,бұл өнімдердің құрамындағы химиялық заттар ауыр металлдар мен никотин жасөспірімдердің ағзасын біртіндеп улап, өкпені қабындырып,кейін бауыр,бүйрек пен асқазанды зақым дайды.Сондай ақ,ағзасы толық жетіліп болмаған балалардың жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді.Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгеріс енгізілгені туралы таныстырды.Бұған дейін оларға тыйым салынған жерлерде темекі өнімдерін тұтыну үшін айыппұл қарастырылған.Енді дәл осындай жаза кәмелетке толмағандар мен бірге көлікте Электронды темекіні тұтынғаны үшін де көзделген.Жоғарыда аталған қоғамдық орындарда және автомобилдерде темекі шегу түріндегі қайталап бұзушылық үшін алдыңғы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде 20 АЕК немесе 58340 теңге төлеу қажет болатыны жөнінде түсіндірілді.Оқушыларға өздеріне алға мақсат қойып,сол мақсатқа жету үшін сапалы білім алып,пайдалы іспен айналысу керек екендігі түсіндірілді.