ЖИТС-ке қарсы күресу іс шаралары аясында Жезқазған қаласының СПИД орталығының маманы Беспаева Гулнур Есмуратовнамен кездесу ұйымдастырылды. Гулнур Есмуратовна ЖИТС тің адам өміріне әкелетін зиянын ашып түсіндіре отырып, олардың сана сезімдеріне дұрыс өмір сүру дағдыларын дамытуға және салауатты өмір сүруге,өз өмірлеріне үлкен жауапкершілік пен қарауға шақырды."ЖИТС - XXI ғасыр індеті" тақырыбында видеоролик көрсетіп ,жалпы Қарағанды облысы оның ішінде Жезқазған,Сәтбаев аймақтары бойынша статистикалық мәліметтермен таныстырды.ВИЧ инфекция сының таралу жолдарын түсіндіріп, сақтық шараларын ұстанып жүргеннің абзал екенін айтты.Іс шараның соңында Гулнур Есмуратовна оқушыларға жаднамасы бар қойын дәптер таратып, естелікке суретке түсті.












