Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Еңбек - елдің мұраты» жобасы шеңберінде аға буын өкілдерінің өмір жолын үлгі ете отырып, отбасылық құндылықты дәріптеу, жас жеткіншектердің бойына құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ождан, намыс, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіру, кәсіптік қабілеттерін ашуды саналы оймен қалыптастыруға бағытталған «Отбасы құндылығы -елдігімнің тірегі» атты қаламыздағы ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу қонақтары- ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері, «Қазақмыс» корпорациясының, ардагерлер кеңесі Балхаш филиалының, Жезқазған мыс қорыту зауытының құрметті еңбек ардагерлері Қойшыбев Серікбай Смаханович, Касенова Әния, Шынқожаев Жетпіс, Жексенбаев Нұрғазы, Сыздықова Ырыскүл Мырзақарақызы өмірі мен еңбек жолдарынан келелі әңгіме өрбіте отырып, ақын-жазушылардың өлеңдерін оқып, ән шырқады. Ажар Бейсембаеваның жетекшілігімен 7 Е сыныбының жасұландықтары, мектебіміздің мектеп Парламентінің министрлері қонақтарға сұрақтарын қойып, ақыл -кеңестерін тыңдап, сый құрметтерін көрсетті. Кездесу барысында «Домбыра-дастан», «До мажор» үйірмелерінің қатысушылары өнер көрсетті. Қонақтар білім алушылардың өнеріне тәнті болып, ризашылықтарын білдірді