2021 жылғы 8 желтоқсанда "Өнегелі өмір" жобасы аясында тарих пәнінің мұғалімі Ғайни Жолбарысқызының ұйымдастыруымен 8 - 10 сынып оқушылары және мектеп ұстаздарының қатысуымен онлайн кездесу өтті.
Онлайн кездесудегі қонағымыз - Қарағанды облыстық ғылыми техникалық құжаттама жөніндегі архив басшысы
Аршабеков Темірғали ТЛЕУБЕКҰЛЫ
Кездесу "Тарихи тұлғалардың патриотизмді қалыптастырудағы рөлі" атты тақырыппен ұйымдастырылды.
Кездесу өте тағылымды, мәнді өтті. Темірғали Тлеубекұлы өзінің өмір жолынан және жас ұрпаққа мамандық таңдаудың ең маңызды екені туралы әңгіме айтып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында оқушыларға, көркем әдебиет оқуға кеңес берді.













