Еңбек елдің мұраты
Облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясында және «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес, Жезқазған қаласының білім бөлімінің №13 жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен, оқушыларға кәсіптік бағыт бағдар беру мақсатында, "КЕШ" құқық қорғау орталығының басшысы Камшат Есмухамбетқызы Шинтековамен "Заңды білу- заман талабы" атты тақырыбында кездесу өтті. Кездесуді тарих пәнінің мұғалімі Рахметова Ғайни Жолбарысқызы ұйымдастырды. Кездесу өте тағылымды, мәнді өтті. Камшат Есмухамбетқызы өзінің өмір жолынан және жас ұрпаққа мамандық таңдаудың ең маңызды екені туралы әңгіме айтып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесуге 8-10 сынып оқушылары және мектеп ұстаздары қатысты.Кездесу оқушылар үшін ғана емес, ата-аналар үшін де ерекше қызықты өтті.













