#Өнегелі_өмір

"Барыс" спорт клубы (дзюдо қазақша күрес) тақырыпта "Өнегелі өмір" жобасы аясында 5 "З" сынып оқушылармен сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырылды.

Online кездесудегі қонағымыз: Жаңаарқаның тумасы қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азия чемпионы (2012, 2015), ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, «Қазақстан Барысы» республикалық түрнирінің күміс жүлдегері (2014), «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2015) Самбо, дзюдо күресінен спорт шебері АСЫЛ БАРМЕНОВ

Мақсаты: Оқушыларымызға салауатты өмір салты, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.

Кездесу барысында Асыл Барменов ағамыз спорттың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, мектеп оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оқушылардың сауалдарына толыққанды жауап берді. Әңгіме барысында спорт әлеміне қатысты сенімді жауаптар айтылды. Оқушылардың алға қойған мақсаттарына сүрінбей жетулеріне, білімді жас ұрпақ деген атқа лайықты болуыларына тілек білдірді.

Сынып жетекшісі: Мүсілім Мәншүк Әмзеқызы