Жезқазған қаласының «№13 Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
кәсіби бағдар беру жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.
Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой-өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкесінше «Саналы азамат» базалық бағытты қарастыру керек.
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:
— оқушылардың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
— түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
— кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
Осыған байланысты мектебімізде биылғы жаңа оқу жылына жоспар құрылып, оқушыларға жан жақты кәсіби бағыт бағдар беретін іс-шаралар іске асырылуда.
«Отбасы әлемі» (отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасылық ғибадатты сақтау), бағдарламасы аясында ұрпақтар үндестігін жалғастырып «Сенбілік кездесу»,«Әжелер өнегесі» тақырыбында өткізілген іс-шаралар да жас буынға қазақтың ежелден келе жатқан тұрмыстағы қолөнер бұйымдарының жасалу жолдары түсіндіріліп, оның ішінде ұршық иіру, құрақ құрау өнері, құрт жасау,шаш үлгісі мен оның күтімі жайлы әңгімелер өрбіп, сұрақтар қойылып, оқушылардың қызығушылықтарын тудырды. «Жасыл экономика» бағдарламасына деген оң көзқарасты қолдау мақсатында 1сыныпоқушылары ата аналарымен бірлесіп мектептің ауласына 42 жас жеміс ағаштарын отырғызды.
Жас ұрпаққа қоғамдағы өз орнын табуға көмектесетін жаңаша тәсілдердің бірі вариативтік компоненттің таңдау курсы бойынша 10 сыныптарға «Экономика және бизнес негіздері» атты пән жүргізіледі. Ол пәннен оқушылар бизнесті жүргізу мен оның негіздерін,бизнес-жоспар құрып оның іске асырылу тетіктерімен танысып қазіргі қоғамға қажетті экономикалық және қаржылық сауаттылылықтарын шыңдап,толықтырады. Сонымен қатар кәсіби бағдар беру кабинетінің жетекшісі Абдраманова Л.П ұйымдастыруымен күзгі демалыс уақытында 1-4 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру кабинетіне саяхат ұйымдастырылып, олардың кәсіп, мамандық туралы түсініктерін қалыптастыру жоспарланып отыр.
Қаламыздағы кәсіптік орта білім беретін оқу орындарымен және волонтерлік орталық, спортты дамыту, «Ұлытау қыздары» қоғамдық бірлестіктерімен өзара келісім шартқа отырып , бірлескен жұмыс атқарылуда. Күзгі демалыс кезінде жоспар бойынша кәсіби сынамаларға 9 сынып оқушылары апарылады.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бағытымен белгіленген қоғамдық сананы жетілдіру аясында, Қазақстанның болашағы - балалар мен жастарды, адами капиталды одан әрі дамыту алдағы уақытта да мектеп жұмысында өз жалғасын табады.
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/t-rbie-ndyly-y/k-siptik-ba-dar-beru/174-zhez-az-an-alasyny-13-zhalpy-orta-bilim-beretin-mektebi-kmm-k-sibi-ba-dar-beru-zh-mystary-turaly-a-parat.html#sigFreeId1461c52807
«Бизнес және экономика негіздері» пәнінде оқушылардың командалық топпен жұмыс істеу сәттері.
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/t-rbie-ndyly-y/k-siptik-ba-dar-beru/174-zhez-az-an-alasyny-13-zhalpy-orta-bilim-beretin-mektebi-kmm-k-sibi-ba-dar-beru-zh-mystary-turaly-a-parat.html#sigFreeIdc6ae6d3614
«Сенбілік кездесу» айдарымен өткізілген өнеге сағаттары
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/t-rbie-ndyly-y/k-siptik-ba-dar-beru/174-zhez-az-an-alasyny-13-zhalpy-orta-bilim-beretin-mektebi-kmm-k-sibi-ba-dar-beru-zh-mystary-turaly-a-parat.html#sigFreeIdce8554b7db
Мектеп ауласына ата –аналар мен оқушылар бірлесіп тал отырғызу сәтінен












