Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі.
«Отбасы –мектеп» жобасы шеңберінде отбасының тәрбиелік әлеуетін, білім алушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасын үйлестіруге бағытталған «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» өкілдерінің қатысуымен «Қыз сұлуы қылығында, ақылы мен даналығында» өнеге сағаты өтті. Мақсаты - қыз балалардың бойында ізеттілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі, болуға ықпал ету, жағымсыз әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында қыз балаларға аналар мен әжелер ұлттық құндылықты дәріптей отырып, ақыл-кеңестерін берді, өнегелі әңгіме өрбітті.
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/t-rbie-ndyly-y/otbasyly-t-rbie/498-yz-s-luy-yly-ynda-a-yly-men-danaly-ynda.html#sigFreeId0ccdd12099












