11 қазан - Халықаралық қыздар күніне орай, 8-9-сынып  оқушыларына арналған "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында онлайн кездесу өтті. Іс-шараға сынып жетекшілері Өтенбаева М.А., Сағындықова Р.И., Қайырбаева Р.М., Алимова Б.С., Андагулова З.Т. жақсы дайындықпен қатысты. Мектеп психологы Жетибаева А.А оқушыларға жасөспірімдерге арналған психологиялық кеңестер берсе, мектеп медбибісі Конуршинова Б.Қ медициналық кеңес түрлерін ұсынды. Тазалық сақтаудың денсаулыққа пайдасы зор екендігі туралы ақпараттармен толықтырды. 9 ж сынып жетекшісі, қазақ тілі пәні мұғалімі Өтенбаева Мадина Алиевна қазақ қыздарының ішінен шыққан қоғам қайраткерлері, әнші,  ғалым және батыр қыздарымыз Бопай ана, Домалақ ана, Бөрте ханым, Роза Рымбаева, Күләш Байсейітова, Фариза Оңғарсынова, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты қазақ қоғамының дамуына мол үлес қосқан апа -әжелеріміз жайлы дайындаған таныстырылымын  оқушылар назарына ұсынды. Шара өскелең ұрпаққа құнды ой салып, әсер қалдырды. Жалпы кездесуге қатысқан  оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, соңында  ұстаздарына жақсы тілектерін айтты. Атаулы шара өз жалғасын 7 Д, 7 Ж сынып қыз балалары арасында тапты. "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында өнеге сағаты формасында ұйымдастылды. Қонақ ретінде аға буын өкілдері ардагер ұстаз, ардақты ана, аяулы әже Ералиева Гуляйша Саурбаевна, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы көпсалалы емханасының  медбибісі Достаева Ботакөз Жақсылыковна, мектеп психологы Жетибаева Айгул Амзеевна қатысып, қыз баланың өзіндік болмысы,  қазақ қызына тән қасиеттер, ұлттық құндылықтар жайлы өнегелі әңгіме өрбітіп, ақыл-кеңес берді. Шара өз жалғасын әлі табуда...