5 қыркүйек -Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А. Кулмаганбетованың жетекшілігімен 9 Д сынып оқушыларымен «Ұлт руханиятының алыбы» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында білім алушылар
қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, публицист, қоғам қайраткері, ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға - Ахмет Байтұрсынұлы жайлы мектебіміздегі «Педагогика тарихы» музей қорындағы құнды деректермен таныса отырып, өмірі, шығармашылығы бойынша білімдерін ортаға салды
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/t-rbie-ndyly-y/rukhani-tanymdy-ba-yt/491-5-yrk-jek-aza-stan-khaly-taryny-tilder-k-nine-oraj-direktordy-t-rbie-isi-zh-nindegi-orynbasary-s-a-kulmaganbetovany-zhetekshiligimen-9-d-synyp-o-ushylarymen-lt-rukhaniyatyny-alyby-atty-tanymdy-sa-at-tti.html#sigFreeIdace6a6b286












