Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өткізілді.

Дублер күнін ұйымдастыру барысында ережеге сәйкес білім беру ұйымдарында бастамашыл топ құру туралы бұйрық шығарылып, мектеп директорының дублері лауазымына кандидатура ұсынылды және мектеп қызметкерлерінің дублерлеріне үміткерлерді іріктеу жұмысы жүргізілді. Міндеттерді нақтылау үшін дублер-білім алушылардың жиналысын ұйымдастырылды, нұсқаулықтар берілді. Дублер күні өткізілетін сабақтардың, сынып сағаттарының және жалпы ұйымдастырылатын іс-шаралар айқындалып, кестесі құрылды.

Дублер күні білім беру ұйымдарында 2022 жылғы 30 қыркүйек күні ұйымдастырылп өткізілді. Іс-шараға 88 мектеп білім алушылары қатысты. Мектеп басшысының қызметін мектеп Презиенттері атқарды, басшы орынбасарлары ретінде фракция министрлері және сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері болып сынып парламенттері жұмыс жасады.  Мектеп педагогтеріне  қызықты тапсырмалар,  моторика мен ұқыптылықты анықтайтын тест  элементтері, қызықты эстафеталық ойындар, флешмоб, «Менің алғашқы ұстазым» атты шығарма жазу жұмысы енгізілді. Сабақтармен қатар фракция министрлерінің ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс-шаралар да өтті.