Мектеп Парламентінің Дебат қозғалысы фракциясының ұйымдастыруымен 5-9 сынып білім алушыларына “Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын” тақырыбында оқыту сағаты өткізілді. Дебат қозғалысы клубының жетекшісі Л. Абдраманова жаңадан қабылданушыларға АПФ құрылымы, негізгі ережелері туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар ойын барысында жіберілетін қателіктер айтылды. Белгілі бір фактілерді зерттеу, болжау, жүйелеп сөйлеу, өз көзқарасын ашық та жүйелі дәлелдеу, өз пікірін дұрыс ұсынуға бағыт-бағдар берілді.