Бүгін еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған мектептің жас түлектері алтын ұясымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан күн. Көңілдерде қимастық сезімі ұялап, тарыдай болып аттаған табалдырықтан көкке қанат жайған соңғы қоңырау үні 60 жылдық тарихы бар мектебімізде де сыңғырлап, 54 түлек қимастықпен қанат қақты. Қазақ Елін жарқын істермен жалғайтын жас түлектерге мектеп директоры У. Ж. Жасынбекова Жезқазған каласының әкімі Қ.Б.Абсаттаров жолдаған құттықтауын жеткізіп, келешектерінің кемел, болашақтарының нұрлы болуына тілектестік білдірді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан алтын ұя мектебінің 60 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келген соңғы қоңырау салтанатында мектеп түлектері білім бұлағынан сусындатып , саналы тәрбие беріп, өмірге бейім, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуда еңбектерін аямаған аяулы ұстаздарына, алтын ұя мектебіне ыстық ықыластарын білдіріп, әннен шашу шашты, өздерінен кейінгі ізбасарларына алтын кілтті аманаттап, мектеппен қоштасар, болашақта күтіп тұрған өмірдің келесі белесіне апаратын соңғы қоңырауды соқты
https://mektep13-zhez.testim.kz/kz/t-rbie-ndyly-y/zha-a-aza-standy-patriotizm-men-azamatty-t-rbieleu-y-ty-tr-bieleu/390-s-t-sapar-zhas-t-lek.html#sigFreeId997ee467fa












