Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім алушылардың мемлекеттік тілде жазу мәдениетін дамыту, сауаттылығын қалыптастыру, мәтін мазмұны арқылы ұлттық құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіре отырып, патриоттық тәрбие беру мақсатында 2-11 сыныптарда диктант алынды. Диктант мәтіні әрбір сыныптың жас ерекшелігіне сай жүргізілді. Найзаның ұшымен, білектің күшімен келген егемендігіміздің еңсесі биік, тұғыры жоғары болатынын жас ұрпақтың бойына сіңіре білу. Әрбір мәтін мазмұны туған жерге деген зор құрметті, аса үлкен жауапкершілікті паш еткендей! Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!