5-7 сыныптар аралығында "Тәуелсіздікті қалыптастыру жолдары" тақырыбында іскерлік ойын болып өтті. Мақсаты -оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан- жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан- жақты дамыған, батыл, текті, намысты ұрпақ тәрбиелеу. Іскерлік ойын барысында оқушылар екі топқа бөлініп, "Қанат қақты" топ басшылары сайысы, "Шарықтау" ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру, "Жерұйық" берілген сөздердің авторын табу, "Шырқау" Тәуелсіздік тақырыбында өлең оқу немесе ән айту болды. Оқушылар өте жоғары деңгейде, қызығушылықпен қатыса білді.