Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 2 «З» сыныбында «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарының ерлігін үлгі ете отырып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін, сезімдерін ояту.













