"Дебат" пікір сайыс клубының жетекшісі Л. Абдраманова мен мектеп Парламенті "Дебат қозғалысы" фракциясының министрі А. Мәжиттің жетекшілігімен 8 сынып оқушылары арасында "Танымның бар тамшысы-кітапта" тақырыбында пікір сайыс болып өтті. "Жасын" және " Ақиқат " топтары қатысып, егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті, кітапханалардағы кітап қорында іздегеннің бəрі бар, соны алып оқитындар қатары өкінішке орай, тым аз екендігін, сонымен қатар жаһандық даму белгісіндегі түрлі желімен байланыс, өзіндік шығармашылық іздері-соның көлеңкесінде қалып жатқандығын тілге тиек етіп, өз ойларын ортаға салды. Кітаппен дос болу- өмір қажеттілігі,-деген ой пікірлерін айтты. "Дебат" клубының мүшелерімен бірге дебат қорытындысына талдау жасалды.